Автор: Казбекова Айман Темиркуловна
Учебное заведение: № 35 «Балдырған» бөбекжайы
Краткое описание работы: открытый урок по  информатике для дошкольников, техкарта. 

Дата публикации: Компьютерді қалай дұрыс қосу және өшіру қажет? открытый урок по  информатике для дошкольников, техкарта.  
Просмотреть свитедельство о публикации

BendixG15

Компьютерді қалай дұрыс қосу және өшіру қажет?

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  Информатика

Тақырыбы: Компьютерді қалай дұрыс қосу және өшіру қажет?

Мақсаты: Компьютерді қалай қосу және өшіру туралы балаларда түсінік қалыптастыру. Қауіпсіздік  ережесін сақтауға үйрету.

Көрнекіліктер: Қауіпсіздік ережелерінің суреттері, компьютер құрылғыларының суреттері

Сөздік жұмыс:Компьютер, жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, қосу, өшіру.

 

Іс-әрекет кезендері

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

 қозғаушы

Компьютер кабинетінне келген кезде қандай қауіпсіздік  ережелер бар екенін  және комьютерді қай жерлерде  қолданатынын сұрау.

 

Д/О: «Көршісін тап»

Балалар компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін айтады және қай жерлерде қолданатынын айтады.

Д/О: «Көршісін тап»

 

Іздену –

ұйымдастырушы

 

Компьютерді қалай қосу және өшіру тақырыбын сурет арқылы балаларға түсіндіру. Қосу және өшіру жолдарын тәжірибе жүзінде  көрсету. Балаларға өз беттерімен компьютерді қосып, өшіруге кеңес беру.

Денсаулық сақтау технологиясының элементтерін пайдаланып сергіту жаттығуын орындау.

Сергіту жаттығуы:

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.

Балалар компьютерді қалай қосу және өшіру жолданын мұқият тыңдайды. Қосу және өшіру жолдарын көреді. Өз беттерімен қосып, өшіріп үйренеді.

 

 

 

Сергіту жаттығуы:

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.

Рефлексивті

 коррекциялаушы

Компьютерді қосу және өшіру жолдарын балалардан сұрақ-жауап арқылы сұрау. Сөздік жұмысын  жүргізу.

 

 

Көз жаттығуын жасау.

1.Алдымен оң жаққа, содан соң сол жаққа.

2.Көз жанарыңды солға-жоғары,  оңға –төменге қарай айналдыру

 

 

Дене жаттығуын жасау.

1.Көз жанарын қозғалту

2.Басты бұру, оңға, солға

3.Оң жаққа, сол жаққа денені қозғалту

Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды мадақтау, бағалау.

Компьютерді қосу және өшіру жолдарына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Бір-бірін мадақтап қол соғады.

Көз жаттығуы

1.Алдымен оң жаққа, содан соң сол жаққа.

2.Көз жанарыңды солға-жоғары,  оңға –төменге қарай айналдыру

Дене жаттығуын орындайды

1.Көз жанарын қозғалту

2.Басты бұру, оңға, солға

3.Оң жаққа, сол жаққа денені қозғалту

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Компьютердің қандай салаларда,не мақсатпен  қолданылатынын білуі

Болуы керек:Оқу қызметіне деген қызығушылығы

Қолынан келуі:Сұрақтарға жауап блере алуы. Компьютерді қосу және өшіру жолдарын білу.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.