География сабағында инфографика әдісін қолдану 9 сынып Зерттеу жұмысы
Рефлексивті есеп
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
« География сабақтарында инфографика әдісін қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдыларын дамыту »
География пәні мұғалімі: Баженова Г.Н.
География сабақтарында АКТ-ны қалай қолдануға болады?- деген сұраққа мені жиі ой толғандым. Осы инфографика әдісімен мен алғаш рет Өскеменнің география пәні мұғалімі Б. Н.-нан естіген болатынмын, 2018 жылы ақпан айындағы Астана қаласына бағдарлама бойынша өткен семинарда Қостанайлық әріптесім осы инфографика бойынша «шеберлік сыныбын» өткізді. Сондықтан бұл тақырып мені қызықтыра бастады. Себебі АКТ саласында жұмыс жасау менің өзіме де қиынға соғатын, мен инфографика жасайтын сайттарды білсем де, нақты қалай жумыс істейтінін шынымды айтқанда білмедім. Сондықтан осы қызықты да тартымды жумысты бастауға бел будым. Мен оқушыларыма жаңа нәрсені үйретіп, өзім де үйренгім келді. Оқыту барысында оқуды бастап, ары қарай жалғастырғым келді.
Сондықтан мен интернет желісі арқылы инфографиканы қалай жасауға болатыны туралы теориялық ақпаратпен танысып, оқып жинақтай бастадым. Оқушыларымның алдына шықпас бұрын өзімнің теориялық білімімді шыңдап алғанды жөн көрдім.Бірақ менің ойымда қорқыныш сезімі болды,себебі 9 А сынып оқушылары өте білімді, интернет желілерімен жұмыс жасай біледі және олардың бойында коммуникативтік дағды жақсы дамыған. Мен оларға сабақ барысында кез келген сұрақты немесе мәселені қойсам олар үнемі шешу жолын таба білетін қабілеттері жоғары оқушылар.
Инфографика жасау ақпатараттарымен толық танысып болғасын оқушыларыма ұсынғанды жөн көрдім. Нақты инфографиканы қалай жасау керек екенін білмесемде мен оқушыларыма сендім. Себебі оқыту барысында мен олраға инфографика жасау бағыттарын көрсетсем олар жұмысты ары қарай алып кететінін білдім және де өзімнің олардан үйренуіме болатынына сендім. Қазіргі 21 ғасырда техника технология қарқынды дамыған шақта біздің балаларымыз АКТ –жағынан өте көп нәрсені меңгерген.
Біріншіден, мен оқушылардың инфографика жайлы ойларын білгім келді. Осы әдіс оларға таныс па ?, қызықтыра ма ?, танысқысы келе ме ? -деген сұрақтарға жауап алғым келді. Сол себептен оқушыларымның рұқсатымен сауалнама алуды жөн көрдім.
Сауалнама инфографика әдісін география сабақтарында қолдану үшін алынды.
Оқушылардан алынған сауалнамада келесі сұрақтар қамтылды:
Ақпараттық комуникативтік технология саған таныс па?
Ақпараттық комуникативтік технология түрлері қандай?
Қандай ақпараттық комуникативтік технологияны білесіздер?
Инфографика жасауға арналған бағдарламаларды білесің бе? -деген сұрақтар т.б.
Саулнама нәтижесінде:
Оқушылар басқа сабақтрада АКТ-ны қолданатыны анықталды. АКТ-ға қызығушылығы бар тиімді деп ойлайды 19 оқушы. Инфографика әдісімен таныс емес және білгісі келеді де 17 оқушы жазған. Инфографика жасау әдісімен таныс есеспін деп 15 оқушы айтқан.
Оқушыларға қандай бағдарламамен жұмыс істеп көрдіңдер деген сұраққа? Әр бір оқушы өз жауабын жазған, ең көп кездесетін жауап «Delphi», «Paskal», яғни оқушылар осы бағдарламаларды қолданған.
Ал инфографика жасайтын «www.easel.ly» сайтын қолданып көрмегені анықталды. Осы саулнама нәтижесінде мен өзіме келесі қорытынды шығардым:
География сабақтарында инфографика әдісін оқушылардың АКТ дағдыларын дамытуға сауалнама нәтижесін ескеріп, тиімді әрі қызықты деп шештім.
Біріншіден, мен жұмысты бастамас бұрын оқушыларды инфографика әдісімен таныстыруды жөн көрдім. Оқушыларға инфографика әдісі ақпартты графикалық түрде көрсету деп айттым. Сабақта өткен күрделі ауқымды ақпаратты талдап, анализ жасап, ықшамдап , ең маңызды ақпаратты нақты, жеңіл,қызықты, графикамен безендіріп көрсетуге болатынына тоқталдым. Инфографика бүгінгі таңда көп салаларда қолданылады. Сапалы инфографика жасау үшін әр-түрлі шаблондармен жұмыс жасай білу қажет. Жұмысты жасаған кезде ғаламтордан алынған ақпартаттың нақты болуына сенімді болуы өте пайдалы.
Ал ғаламтор білім мен зерттеу нәтижелерін бөлісудің жаңа тәсілі. Балаларға ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуім керек болды. Оқушылар осы тақырып бойынша өз зерттеулерін жүргізіп, материалды мұқият зерделеп, сыни ойлауын,жоғары дәрежелі ойлауын дамытады. Материалдарды талдайды, және инфографиканы өз бетінше жасайды және жоғары дәрежелі ойлауын дағдыларын дамытады.
Инфографика жасау жалғыз адмның қолынан келе бермейді,сондықтан бұл жұмысты жұппен атқарғаны дұрыс болады деп ойламын.
Алғашында мен оқушыларға инфографиканы жасау критерийлерін ұсындым
1. Тақырыпты таңдау , оның өзектілігі, сұранысы бар, оқырманға негізделген болуы
2.Толық сапалы ақпартты жинақтау
3. Ақпаратты талдап, ең маңыздысын алу
4. Тақырыпқа байланысты инфоргафика шаблонының тиімі түрін таңдау
5. Ақпаратты қолжетімді визуалдау үшін, орталық элементті дұрыс таңдап,
екі жағынан графикалық, мәтіндік елементті дұрыс орналастыру
География кабинеті АКТ оқу құралдарымен толық жабдықталған.Сол себептен осы жұмысты бастап кетуге мүмкіншілік боды. Жұмыс нәтижелі және жеңіл болу үшін біз оқушылармен ақылдаса отырып, жұппен жұмыс түрін таңдадық.
Келесі кезекте мен оқушыларды «www.easel.ly» сайтымен таныстырдым және онда инфографиканы жасауға арналған тегін бағдарлама бар екенін айттым.
Осы сайтта дайын шаблондар бар екенін, немесе оқушылар өз еркімен басқа түрлерін таңдауына болатынын көрсеттім.
«Мұхиттағы тіршілік» тақырыбына инфографика жасауды бастадық.
Бұл тақырыппен оқушылар таныс болғасын ақпаратты жинақтау қиын болған жоқ деп ойлаймын, олар тағы да қосымша ақпаратпен танысты. Оны іріктеп ең маңыздысын ала білді. Қиындық туғызған «www.easel.ly» сайтымен жұмыс істеу болды. Оқушылардың көбі бұл бағдарламаны тауып, шаблондарды таңдауда көп сұрақтар туындады. Сосын суреттерді интернет желісінен алып орналастыру көп уақытты қажет етті. Қысқасы ауқымды жұмысты оқушылар өздігінен бастап кетті.
Бірақта басынан бірден түсінбеген оқушылар болды. Тіпті бұл жұмысты жасағысы келмей бас тартқан оқушылар да кездесті.